Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 5 қаралым

Тойымсыз кәсіпкер 300 млн теңгені қылғытты

Астық та, ақша да жоқ. Егін егіп қарық қыламын деген кәсіпкер 300 млн теңгені мақсатсыз жұмсаған. Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағанды облысында мемлекет қаражатын жымқыру дерегін анықтады. Қомақты сома «Кең Дала-2» бағдарламасы бойынша егістік жұмыстарына бөлінген екен. «Аграрлық несие корпорациясымен» шарт жасасқан азамат іс жүзінде құрғақ уәдемен қалтасын қампайтыпты. Жер өңдеп, дән себудің орнына ақшаны өзге қожалықтардың шотына аударып, кейін бас пайдасына жаратқан.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Атап айтқанда, 148 млн теңгеге жуық қаражат тұқым сатып алуға, тағы 152 млн теңге ауыл шаруашылығы техникасын жалға алуға, соның ішінде жанар-жағармай мен еңбекақы шығындарына аударылған. Алайда іс жүзінде тұқым сатып алынбағаны, техника жалға алынбағаны және көрсетілген жер телімдеріне ауыл шаруашылығы дақылдары егілмегені анықталды. «Рашан» ЖШС директоры күдікті деп танылды. Соттың санкциясымен оның мүлкіне тыйым салынды. Тергеу жалғасып жатыр.

← Барлық жаңалықтар