Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 22 қаралым

Шетелдік артистер қазақ әндерін орындайды

Ер Түріктің бесігі Түркістанда ұлттық ән өнеріміз әспеттелмек.

Тарихи шаһарда қыркүйектің 25-і мен 27-сі аралығында «Voice of Turan» VII халықаралық фестивалі өтеді. Әлемнің ондаған елінен келетін артистер қазақтың халық әндері мен отандық композиторлардың шығармаларын орындайды. Жоба төл музыкамыз бен мәдениетімізді халықаралық аренада насихаттауға бағытталған.

Ертай Алтаев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары:

Фестивальдің алты жылдық тарихында бас жүлдені әлемнің әртүрлі мемлекеттерінен келген талантты өнерпаздар иеленіп, қазақ әнін халықаралық сахнада асқақтатып келеді. Биыл фестивальға 20 елдің өнерпаздары қатысады. Фестиваль бағдарламасы 3 күнге жоспарланған.

Мәдени іс-шараның шымылдығын түркі елдерінің белгілі әншілері гала-концертпен түреді. Бағдарламаның келесі күнінде отандық және шетелдік артистердің бірлесіп өнер көрсетуі жоспарланған. Ал фестиваль соңында қатысушылар халық әндерін орындап, сынға түседі.

Бердібек Қарынбай

← Барлық жаңалықтар