Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Каспийдегі қаза: тірі қалған тағы екі сарбаз туралы тың дерек

Каспийдегі қайғылы оқиғаға қатысты тың дерек шықты.

Каспийдегі қайғылы оқиғаға қатысты тың дерек. Әу баста оқу-жаттығу жиынына Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери бөлімнен 19 сарбаз аттанғаны туралы айтылған еді. Кейін теңізге 19 емес, 17 жауынгер кетті деген ресми ақпарат тарады. Бірақ бірнеше күннен бері сол тізімге енбей қалған екі сарбаздың туыстары әлеуметтік желіде олардың назардан тыс қалғанын айтып, жазба жариялады. Балаларына алаңдағандар қоғамды шулатқан соң, жауапты ведомство періштесі қаққан екі матростың видеосын жариялады. Жауынгерлердің сөзінше, олар командирлердің бұйрығымен жағажайды күзетіп қалған екен. Қазір қос сарбаз әскери бөлімнің орналасқан жерінде күн тәртібіне сәйкес Отан алдындағы борышын атқарып жүрген көрінеді.

ӘЛИ МАҒАУИЯ, МАТРОС, ҚАТАРДАҒЫ ЖАУЫНГЕР:

Мен сол күні жағалауда жаттым. Кемеге мінген жоқпын. Өзіме берілген міндетті, яғни жағалау күзетін атқардым. Сол күні сізге ұялы телефон берілді ме? Иә, берілді. Ата-анаммен сөйлесіп, хал-жағдайымның жақсы екенін жеткіздім.

АЙНАР АХМЕТОВ, МАТРОС, ҚАТАРДАҒЫ ЖАУЫНГЕР:

Мен 24 қыркүйек теңіз жағалауында болдым. Яғни кемеге мінген жоқпын. Иә, хабарластым, өзімнің хал-жағдайымды айтып, менде бәрі жақсы екенін айттым.

← Барлық жаңалықтар