Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Әлеуметтік төлемдер шын мұқтаждарға ғана беріледі

Елімізде мұқтаж жандарға берілетін жәрдемақылардың 14 түріне өзгеріс енгізілмек. Ақша енді жанұяның қажеттілігін ескеріп беріледі. Бұл «Отбасының цифрлық картасы» бойынша А және В санаттарына іліккендерге, яғни табысы жоғарыларға қатысты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қайта қаралатындардың ішіне балалы және көпбалалы отбасыларға, мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын ата-аналарға берілетін төлемдер, мүгедектігіне байланысты және асыраушысынан айырылған жағдайда тағайындалған жәрдемақылар да кіреді. Алайда бұл көмек бірден тоқтайды деген сөз емес. Әр жағдай және әрбір жәрдемақы жеке қарастырылады. Мысалы, бірінші топтағы мүгедек жәрдемақы алып жүріп балалы болса, екінші көмек оның қажеттілігіне қарай ғана тағайындалуы мүмкін. Жалпы елімізде мұқтаждарға берілетін жәрдемақының 39 түрі бар екен.

← Барлық жаңалықтар