Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Жол сапасы үшін 22 адам жұмыстан қуылды

«ҚазАвтоЖол» басшылары өздері салған жолмен жүрмей ме десек, жүреді екен. Олқылықты көрмей ме десек, көреді екен. Жыл басынан бері жарғақ құлағы жастыққа тимей тексеріс жүргізген жауаптылар 22 адамды жұмыстан қуыпты. Ол аздай, қызметіне салақ қараған мамандарға 53 миллион теңге айыппұл салған. Өйткені миллиардтаған қаржы бөлінген трассалардан 1700-ге жуық ақау анықталыпты. Қазір соның жартысына жуығы қайта жөндеуден өткен. Жалпы атқамінерлер биыл елуге жуық тас жолдың сапасын жіті тексеріпті.

← Барлық жаңалықтар