Мазмұнға өту
· 25 қаралым

Ұры қыз ұсталды

Алматыда дүкен тонаған бойжеткен тұтылды.

Ол сауда үйінен 36 мың теңгенің тауарын жасырын алып кетпек болған. Алайда сондағы қызметкерлер күдіктінің күмәнді әрекетін байқап қалып, полиция шақыртқан. Ал тәртіп сақшылары оны ұстап, Жетісу аудандық полиция басқармасына жеткізді. Тергеу кезінде оның мұндай жымысқы әрекетпен қашаннан бері айналысып жүргені анықталмақ.

Гүлмира Тасболатқызы

← Барлық жаңалықтар