Мазмұнға өту
· 21 қаралым

Каспий теңізінен үш адам құтқарылды

 

Қарт Каспийде тағы да оқыс оқиға. Өткен түнде үш адам теңіздің түбіне кете жаздады. Олар Түпқараған ауданындағы жағадан үрмелі қайыққа мініп, суға шығыпты. Аяқ астынан қатты жел тұрып, бәрін айдынға алып кеткен. Абырой болғанда, хабар түсе салысымен шапшаң қимылдаған төтенше жағдайлар қызметі қиын жайтқа тап болғандарды құтқарып үлгерген. Ешқайсысына медициналық көмек қажет болған жоқ. Мамандар жел күшейген кезде теңізге шығуға болмайтынын тағы бір мәрте ескертті.

← Барлық жаңалықтар