Мазмұнға өту
· 17 қаралым

Ерлі-зайыптыны қасақана өртеп жіберген

Щучинск қаласында өрттен ерлі-зайыпты қаза тапты. Мамандар мұны қасақана жасалған қылмыс деп отыр. Өрт сөндірушілер 90 шаршы метр аумақты шарпыған жалынды ауыздықтап, үйдің ішін қараған кезде ер мен әйелдің мәйітін тапқан. Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл – жазатайым оқиға емес. Күдікке ілінген 39 жастағы жергілікті тұрғын үйге әдейі от қойған көрінеді. Ал марқұмдар 58 жаста болыпты.

МАРАЛ УМЕКИНА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:

Щучинск қаласында 2 адам қаза тапқан өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 39 жастағы жергілікті тұрғынның үйді өртеп жібергені алдын ала анықталды. Оқиға салдарынан осы үйде тұрып жатқан ерлі-зайыпты қайтыс болды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Болған оқиғаның барлық жағдайлары белгілену үстінде.

← Барлық жаңалықтар