Мазмұнға өту
· 14 қаралым

Жаңбыр суын ішкен қойлар қырылып қалды

Маңғыстау облысында бір түннің ішінде жүз жиырма алты қой қырылып қалды. Он шақты отбасының төбесінен жай түсірген жағдай Бейнеу ауданында болды. Тұрғындардың айтуынша, жануарлар жиналып қалған жаңбыр суын ішкеннен кейін әлсіреп, жаппай құлаған. Сол бойы тұра алмай, шетінен теңкиіп қалыпты. Абдырап қалған жұрт жауаптылардан көмек сұрап, оқиға орнына аудандық ветеринариялық станция мамандары жетіп, өлекселер мен судан сынама алыпты. Қазір материалдар зертханада тексеріліп жатыр екен. Малдың нақты неден уланғаны зерттеу қорытындысынан кейін белгілі болады.

← Барлық жаңалықтар