Мазмұнға өту
· 18 қаралым

Балық аулаймын деп бақилық болды

Балық аулаймын деп бақилық болды. Шығыстың Зайсан көліне қармақ салуға шығып, хабарсыз кеткен екі ер адамның мәйіті бір аптадан кейін табылды. Іздеу жұмысына құтқарушылармен бірге тұрғындар да жұмылдырылған. Мамандар алғашқы күндері жағалаудан 3-4 шақырым жерден олардың суға батқан қайығын көрген. Құтқарушылар 26 жастағы жігіттің мәйітін кеше, ал 47-дегі марқұмның денесін судан бүгін тапқан. Іздеу кезінде Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары 63 рет суға сүңгіп, көлдің жағалауы мен акваториясын тексерген. Сондай-ақ дрондарды қолданған.

← Барлық жаңалықтар