Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Риелторлардың қызмет ақысы заңмен белгіленбек

Риелторларға қойылатын талап күшейеді. Енді үй алып-сатумен айналысатын мамандардың қызмет сапасы жіті тексерілмек. Тиісті заң жобасы қазір Құрылтай қарауында жатыр. «PANA» ұлттық риелторлар палатасының мәліметінше, бүгінде бұл салада түйткілді мәселе шаш етектен. Мәселен, елімізде риелторлардың бірыңғай мемлекеттік тізімі жоқ. Олардың білімі мен біліктілігіне қойылатын ортақ талап та белгіленбеген. Тіпті қызмет ақысының қалай есептелетіні де беймәлім. Жауапты мамандар нарыққа ең алдымен ашықтық қажет дейді. Жаңа ереже іске қосылса, ең алдымен қарапайым тұтынушы ұтады. Клиенттер риелтордың біліктілігін алдын ала тексеріп, қызметіне қанша төлейтінін нақты біле алады. Ал құқығы бұзылған жағдайда, қайда және қалай жүгіну керектігін де хабардар болады.

← Барлық жаңалықтар