Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Табыс аз, баспана қымбат

Табыс аз, баспана қымбат. Құрылтай депутаты халықтың ішпей-жемей тапқаны үй құнына ілесе алмай жатқанына шырылдап, шетін мәселені шешу үшін жаңа тәсілдер қажеттігін айтты. Бөріхан Нұрмұхамедовтің мәліметінше, тамыз айында тұрғын үйді жалға алу құны 17,1 пайызға қымбаттаса, қыстан бері бұқараның тапқан-таянғаны жан басына шаққанда бар-жоғы 0,1 пайызға өскен. Депутат тек салынған үй көлемі мен берілген ипотека санына қарап, тұрғын үй қолжетімді деп арқаны кеңге салуға болмайды дейді. Мәселені шешу үшін нарықты бағалайтын жаңа өңірлік жүйе енгізу қажет. Басты талап – үй бағасын есептегенде әр отбасының шынайы орташа табысы негізге алынуы тиіс. Әр жанұяның үй сатып алуға немесе жалға алуға нақты мүмкіндігі болуы керек.

БӨРІХАН НҰРМҰХАМЕДОВ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Баспана құны нақты жасалған мәмілелер, нарықтағы кредит беру шарттары және тұруға байланысты барлық шығындар негізінде айқындалуы қажет. Әдістеме үйдің нарықтағы құны мен жанұяның жылдық орташа табысына, қаржылай жүктемесіне, бастапқы жарнаны жинақтау кезеңіне, банктер мен баспанаға қатысты мемлекеттік бағдарламалардың талаптарына сай келетін отбасылардың үлесіне және отбасы бюджетіне түсетін жүктемеге негізделуге тиіс.

← Барлық жаңалықтар