Қазыналы қарияларымызға құрмет! Ертең Дүниежүзілік қарттар күніне орай үш өңірде 150 мыңнан астам зейнеткерге біржолғы қаржылай көмек беріледі. Төлем көлемі әр аймақта әр түрлі. Мәселен, елордада еңбек жасына байланысты зейнетке шыққан 110 мың адамға 10 мың теңгеден аударылады. Ал Қарағанды облысында көмекті 75 жастан асқандар ала алады. Көмірлі аймақ басшысы 938 миллион теңге бөліп, 43 мыңнан астам адамға 21 мың теңгеден бермекші екен. Сондай-ақ мұндай қолдау Түркістан облысында да көрсетілмек. Алайда мұнда тек арнаулы әлеуметтік қызмет алатын жалғызбасты жандарға беріледі. Бұл өңірде 1253 адамға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 21 мың теңгеден бөлінеді. Ал өзге өлкелердің әкімдері жомарттық танытпайтындай.
Астана қаласында 110 000 адамға 10 812 теңгеден беріледі. Қарағанды облысында 75 жастан асқан 43 405 адамға 21 625 теңгеден төленеді. Бұл мақсатқа 938,6 млн теңге қарастырылған. Түркістан облысында арнаулы әлеуметтік көмек алатын жалғызбасты қарттарға беріледі. 1253 адамға 21 625 теңгеден бөлінеді.