Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Сарбаздардың геолокациясын бақылау керек!

Жауынгердің әр қадамы бақылауда болуға тиіс! Құрылтай депутаты Аббат Өрісбаев сарбаздардың қауіпсіздігі жайлы бастама көтеріп, Премьер-министрге сауал жолдады. Оның айтуынша, әсіресе әскери, арнайы және авариялық-құтқару оқу-жаттығуы кезінде қауіпсіздік талабы қатаң сақталуы тиіс. Өйткені мұндай іс-қимылдардың өзінде тәуекел тым жоғары. Сол себепті алдымен жаттығу аумағы түгел тексеріліп, дрондар арқылы үздіксіз бақылауға алынуы қажет. Мұнымен қоса, жауынгердің білегінде геолокациясын көріп отыратын құрылғы болуы керек, – дейді депутат.

АББАС ӨРІСБАЕВ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Құрылғы адамның нақты орнын анықтап қана қоймай, қауіп төнген жағдайда SOS белгісін жіберуі керек. Адам құлап қалса, ұзақ уақыт қозғалыссыз жатса немесе суға түссе, жүйе автоматты түрде дабыл беруге тиіс. Адамның физиологиялық жағдайын бақылайтын құрылғы енгізу қажет. Олар жүрек соғысы сияқты негізгі көрсеткішті бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ауа райы, желдің жылдамдығы, көріну қашықтығы және теңіздегі толқын туралы ақпарат бір орталыққа үздіксіз түсіп тұруы керек. Қауіп деңгейі артқан жағдайда оқу-жаттығудың қауіпті бөлігі дереу тоқтатылуы тиіс.

← Барлық жаңалықтар