Мазмұнға өту
· 21 қаралым

106 млн теңгені алып, қашып кеткен

Шетелден көлік әкелемін деп, жүз алты миллион теңгені қолды қылған алаяқ елге қайтарылды.

Бас прокуратураның сұрауымен күдікті Ресейден экстрадицияланды. Ол 2021-2022 жылдары үш азаматты алдап, қомақты қаржыны иемденген. Ізін суытып, елден қашып кеткен оған халықаралық іздеу жарияланған болатын. Нәтижесінде өткен жылы көрші елде қолға түсті. Қазіргі таңда бұл дерек бойынша жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ерлан Жанпейісов, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Тағылып отырған қылмыс үшін мүлкін тәркілей отырып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қуат Құдайберген

← Барлық жаңалықтар