Оқу жылы немесе Ұстаздар күні қарсаңында сыйлық сыйлаудың жыры басталады.
Кейбір ата-аналар ақша жинап, жай гүл бергенде тұрған ештеңе жоқ десе, енді бірі мұны артық шығын дейді. Ал Оқу-ағарту министрлігі мұндай шешім әркімнің өз еркінде дейді. Алайда педагогке дестелер тарту ету міндетке, жарысқа айналып кетпеуі керек. Жауаптылардың айтуынша, ұстаз үшін гүл шоғының көлемі мен бағасы емес, баланың мұғалімге деген құрметі маңызды.
Маржан Нүсіпбек