Қарағандыда ауқымды есірткі зертханасы әшкереленді. Күштік құрылымдар жүргізген арнайы операциясы нәтижесінде трансұлттық қылмыстық топқа қатысы бар 48 және 28 жастағы екі күдікті ұсталды. Зертханада ірі көлемде мефедрон өндірілген екен. Жасырын цехтан көлемі 50 тонналық цистерна, 16 тонна сұйықтық және 20 литрлік канистрлер табылған. Мамандардың алдын ала есебінше, мұнда 2 тоннаға дейін есірткі дайындалуы мүмкін. Бұл шамамен 2 миллион бір реттік доза. Қара нарықтағы құны 40 миллиард теңгеге жетеді. Тергеу жалғасып жатыр.