Мазмұнға өту
· 19 қаралым

Әлеуметтік желіде лотерея ойнатып, қыруар пайда тапқан

Әлеуметтік желіде заңсыз лотерея ойнатып, байыған. Астанада Instagram мен TikTok арқылы 125 миллион теңгедей ақша тапқандар ұсталды. Жұртты желіде желіктіріп, қалтасын қампайтқандардың қулығын прокурорлар әшкерелеген. Іс сотқа жетіп, судьяның шешімімен екі қылмыстық іс бойынша құмар ойынды ұйымдастырушыдан заңсыз жолмен тапқан қаржы өндірілген. Ал елорда прокуратурасы ағайынның ауызын айға қаратып ақша табуға құмартқандарға қатаң ескерту жасады. Өйткені заңсыз ойын бизнесіне бас сұққандардың мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін темір торға тоғытылуы мүмкін.

← Барлық жаңалықтар