Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Ұрып-соғып домбыра үйретпек болған

Ұрып-соғып домбыра үйретпек болған. Әлеуметтік желіде жамбылдық мұғалімнің әрекеті елдің ашуын туғызды. Сабақ кезінде таяқ жеп жатқан шәкіртті бір тұрғын таспаға түсіріп, әлеуметтік желіге таратып жіберген. Кадрдан мұғалімнің алдымен оқушыны теуіп, басынан жұдырықпен салып қалғаны анық көрінеді. Кейін баланың желке тұсынан тоқтаусыз 11 рет шапалақпен ұрғаны видеоға түсіп қалған. Оқытушы осы жайттан соң желіге шығып, кешірім сұрады. Сондай-ақ бұл оқиға бір жыл бұрын болғанын баяндады.

ҚУАНЫШ АХМЕТОВ, МҰҒАЛІМ:

Сол сәтте мен эмоцияға беріліп, мұғалімге жат қылық жасадым. Бұл ісімді ақтамаймын. Толық мойындаймын. Заң алдында жауап беруге дайынмын.

Білім басқармасы аталған жайтқа қатысты сұхбат беруден бас тартты. Ал құзырлы органдар бір жыл бұрынғы оқиға болса да, іске кірісіп, ұстазды қамауға алды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

ГҮЛСАРА МҰХТАРҚҰЛОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПД-НІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау бабымен қылмыстық іс қозғалды.

← Барлық жаңалықтар