Мазмұнға өту
· 28 қаралым

Сүт өнімін заңсыз сатқан

Петропавлдың дүкендерінде құс еті мен сүт өнімдері заңсыз сатылған.

Мұны облыстағы жауаптылар анықтапты. Мамандардың айтуынша, азық-түлік өндірушілер тауардың шығарылған уақыты мен таңбасын ешқандай мемлекеттік бақылаудан өткізбей қолдан жасаған көрінеді. Бақылаушы орган тексеріс жүргізіп, 2 000-ға жуық заттан сынама алған. Нәтижесінде талапқа сай келмейтін төрт жүзге жуық тауар тәркіленіп, 10 мың литр сүт пен 7 тонна тауық еті дүкен сөрелерінен алынды. Сондай-ақ ойыншықтардан денсаулыққа зиян келтіретін қоспалар анықталыпты.

Гүлнұр Омарова, Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлім басшысы:

Өнімді қолдан жасау деректері бойынша Петропавл басқармасына бес материал жолданды, он жеті декларацияның күші жойылды. Жалпы сомасы 486 мың теңге болатын төрт әкімшілік айыппұл салынды. Жалпы құны 6,5 миллион теңге болатын қауіпті тауарлар сатылымнан алынды.

Үсен Астана

← Барлық жаңалықтар