Мазмұнға өту
· 17 қаралым

ІТ-мамандары ауылға жол тартады

ІТ-мамандары ауылға жол тартады. Ұлттық экономика министрлігі мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау алатын қызметкерлердің тізімін толықтырды. Бұдан былай цифрлық технологиялар мен архив ісі саласында білім алған жандар да қаржылай көмек алады. Оларға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленеді. Оған қоса тұрғын үй сатып алу немесе салуға аудан орталықтарында 10 миллион, ауылдарда 8 миллион теңгеден астам бюджеттік кредит беріледі. Ескеретін жайт, бұл ақшаға жақын туыстан баспана алуға болмайды. Сондай-ақ несие ерлі-зайыптылардың тек біреуіне ғана ұсынылады.

← Барлық жаңалықтар