Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 1 қаралым

Қасқыр ауыл тұрғынына тап берді

Қостанай облысында қасқыр ауыл тұрғынына шапты. Оқиға Жангелді ауданына қарасты Ақкөл елді мекенінде болған. 48 жастағы ер адамды түз тағысынан сол маңда жүрген ауылдастары арашалап қалды. Олар жыртқышты атып өлтірген. Ал азулы аңның шабуылынан жарақат алған азамат алдымен жергілікті емханаға, кейін Арқалық қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, қазір оның жағдайы қалыпты.

РУСТАМ БИДИБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ ЖӘНЕ АҢШЫЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Ветеринар дәрігердің қатысуымен қасқырдың өлексесі заңдық талаптарға сай жойылды. Жалпы, Қостанай облысында қасқыр аулауға арнайы лимит белгіленген. Бұл жануарлар саны реттелетін аң түрлеріне жатады. 2026 жылға арналған лимит шамамен 108 жыртқышты құрайды. Яғни жыл ішінде атуға рұқсат етілген ең жоғары мөлшер – осы. Бұған дейін ветеринария басқармасына Қарасу және Жангелдин аудандарында қасқырлардың үй жануарларына шабуыл жасағаны туралы хаттар жолданған.

← Барлық жаңалықтар