Жастар жеңіл табыстың жетегінде жүр! Есірткі саудасына басымен кіргендер мен алаяқтардың айласына сенгендер көбейген. Бұл туралы Құрылтай депутаты Дидарбек Ділдәбек мәлімдеді. Оның сөзінше, былтыр тыйым салынған заттарды таратқан 67 жасөспірім сотталса, биыл тоғыз айдың өзінде 59 бозбала темір торға тоғытылыпты. Сондай-ақ жұмыссыз жүрген жастардың көбі дропперлікпен айналысқан. Ал әккілер студенттерге ақшалай сыйақы беріп, банк шоттарын ашуға көндіреді екен. Кейін өзге адамдардың пайдалануына үгіттеп, жүздеген ұл-қыз қылмыстың құрбанына айналады. Сол себепті халық қалаулысы бірінші курстан бастап түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізуді ұсынды.
ДИДАРБЕК ДІЛДӘБЕК, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Жастардың банк карталары мен шоттарын заңсыз пайдаланудан қорғауды күшейту қажет. 14 пен 22 жас аралығындағы азаматтардың 50 мың теңгеден асатын тұлғааралық аударымдарына қосымша биометриялық растау енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз. Бұл студенттер мен жастардың құқық қорғау органдары мен оқу орындары арасындағы жедел ақпарат алмасуды жолға қойып, тиісті міндеттерін орындамаған банктердің жауапкершілігін қарастыру керек екенін көрсетеді.