Мазмұнға өту
· 19 қаралым

Қарияларға арналған алаңдар салынады

Енді көпқабатты тұрғын үйлерде қариялар отыратын орындар салынуы мүмкін. Бүгін Құрылтай депутаты Арман Ақылбай осындай ұсыныс айтты. Халық қалаулысының сөзінше, құрылыс компаниялары балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын орнатуға міндетті. Алайда аға буын өкілдері ескерусіз қалып отыр. Сол себепті егде жастағы адамдардың емен-жарқын әңгіме айтатын орнын қарастыру үшін заңға өзгеріс енгізу керек дейді. Мұндай аумақтың ауданы әр пәтерге шаққанда 0,8 шаршы метр болуға тиіс. Сондай-ақ депутат бұл алаңдардың кейін саудаланып, басқа мақсатқа берілмеуі керек екенін қадап айтты.

← Барлық жаңалықтар