Ғылым жолын таңдап, білімін ары қарай жетілдірем деп жүргендерге құлаққағыс!
Ертең еліміз бойынша магистратура мен докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталады. Құжаттарды Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты арқылы 10 қарашаға дейін тапсыруға болады.
Емтихан қараша-желтоқсан айларында өтеді. Сынақ форматы электронды, үш бөліктен тұрады. Тест тапсыру уақыты — 4 сағат. Биыл ғылыми-педагогикалық бөлімге түсу үшін шекті балл 75-ті, ал мамандандырылған факультетке құжат тапсыру үшін 50 балл жинау қажет.
Ал докторантураға үміткерлер алдымен жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына құжаттарын өткізіп, мемлекеттік және шет тілдерін меңгергенін растайтын сертификат ұсынуы тиіс.
Жанар Арғын