Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Антифродтың арқасы

Антифрод 217 миллиард теңгенің қолды болуына тосқауыл қойды.

Ұлттық банктің дерегінше, Антифрод орталығы еліміздегі 270 ұйымның басын біріктіріп отыр. Ол мекемелердің алаяқтар туралы өзара жедел ақпарат алмасуына да өте ыңғайлы екен. Алынған деректерді жасанды интеллект өңдейді.

Алдағы уақытта хабарландыруларды, маркетплейстер мен криптопровайдерлерді осы жүйеге қосу жоспарда бар. Бұл жалған сатушылар мен сатып алушылардың әрекеттеріне тосқауыл қою үшін қажет.

Дегенмен қанша жерден сақ бол деп ескерткенмен, тұрғындар алаяқтарға алдануын доғарар емес. Сондықтан азаматтар үшін antifraud.kz сайты да іске қосылды. Күмәнді ресурстар мен сайттарды қалай тексеруге болады, алаяқтарға тап болсаң не істеу керек деген сауалдарға жауапты осы сайттан табуға болады.

Ақбаян Сұлтанмұрат

← Барлық жаңалықтар