Мазмұнға өту
· 14 қаралым

Орталық Азия елдері ынтымақтастықты күшейтеді

Душанбеде Орталық Азия мемлекеттерінің төртінші парламентаралық форумы өтті.

Жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан өкілдері қатысты. Қазақстан делегациясын Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай бастап барды. Тараптар өңірлік қауіпсіздіктен су мен климат мәселелеріне дейін талқылады.

Қазақстан жағы электронды сауда мен кеден жүйесін цифрландыру, жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты күшейту және Арал мәселесі бойынша тұрақты парламентаралық диалог орнату жөнінде ұсыныстар айтты. Жиын қорытындысында бес елдің парламентаралық ынтымақтастығын одан әрі дамытуға бағытталған Душанбе декларациясы қабылданды.

Айбек Дәдебай, ҚР Құрылтайының төрағасы: «Бүгін біз аймақтық мәселелер, экология және су ресурстары жайлы сөз етіп отырмыз. Экономикалық интеграция жайын да талқыладық. Бұл проблемалардың шешімін табу Орталық Азия елдерінің дамуына сөзсіз қарқын қосады. Мұндай сұрақтар туындағанда күшімізді салып, бірлесе отырып жұмыла кірісуіміз керек деп сеніммен айтқым келеді».

Ақбөпе Тәңірберген

← Барлық жаңалықтар