Астанада сарапшылар бас қосып, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.
Мамандар биыл әлеуметтік-экономикалық мәселелерге басымдық берілгенін құптап, елдің дамуына қатысты маңызды бастамаларға тоқталды. Соның ішінде көлік-логистика саласын дамытуға ерекше назар аударылды.
Сарапшылардың айтуынша, еліміздің Еуразиядағы ірі транзиттік орталыққа айналуы үшін инфрақұрылымды дамытып, жүк тасымалын жеңілдету маңызды. Өйткені қатынас неғұрлым сапалы, қолайлы болса, елге келетін экономикалық мүмкіндік те арта түседі. Бұл бағыттағы міндеттер уақтылы орындалса, сауда-саттыққа да тың серпін берілетінін атап өтті.
Риззат Тасым, саясаттанушы: «Қазір транзиттік әлеуетімізді қамтамасыз етіп отырған теміржолды мысал ретінде келтіретін болсақ, оның қазіргі өткізу қабілеттілігі 2030 жылға дейін жеткілікті. Бірақ одан әрі оны 38 пайызға ұлғайтуымыз керек. Сәйкесінше, көріп отырмыз, қазіргі Жолдау нақтылы уақытында қабылданған шешімдердің бірі. Ол Қазақстанның инфрақұрылымдық деңгейін толыққанды жаңартуға бағытталған».
Қуат Құдайберген