Алматыда заманауи перзентхана салынуда.
Ол Сейфуллин және Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан № 1 перзентхананың орнында бой көтереді. Қазір құрылыс алаңында монолит жұмыстары аяқталып, қабырғасы тұрғызылуда.
155 төсек-орынға арналған нысан 2027 жылдың көктемінде пайдалануға беріледі. Ашылғаннан кейін онда босанатын әйелдер саны екі есе артады. Үш қабатты ғимараттың жалпы ауданы 10 мың шаршы метрден асады.
Ұлан Тәліпбай