Мазмұнға өту
· 50 қаралым

Алтынды шетел асырмақ болды

Өзбекстан азаматтары құны 227 млн теңгеден асатын алтынды әуежайдан емін-еркін алып өтпек болған. Алайда дегендері болмай, олардың жолы Шымкентте кесілді. Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, шетелдіктер салмағы 2 келі 800 грамм болатын бағалы бұйымды Түркияға әкетуге тырысқан. Ал кедендік бақылаудан алып өту үшін шабаданның түбіне және жүк қаптамаларына жасырыпты. Бір қызығы, күдікті 4 азамат та сол жерде босатылып, шетелге ұшып кеткен. Өйткені тәркіленген бұйымның сараптамада алтын екені дәлелденгенше біздің құзырлы органдардың оларды ұстап тұруға құқы жоқ екен. Енді ғана сараптама нәтижесі шығып, бәріне халықаралық іздеу жарияланды.

АСЛАН ӘБІЛДАЕВ, ҚР БАС КӨЛІК ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:

Сот үкімі шыққанға дейін 227 млн теңгені құрайтын 2,8 келіге жуық алтын мемлекет пайдасына тәркіленді. Бұл шешім бас көлік прокуратурасының өтінішхаттары негізінде қабылданды. Өзбекстан азаматтары бағалы металды Шымкент әуежайы арқылы Түркияға заңсыз алып кетпек болған.

← Барлық жаңалықтар