Мазмұнға өту
· 50 қаралым

Жолдау: тұрғындар талқысы

Қазақстандықтар Жолдау жайлы пікірлерін білдіруде. Мемлекет басшысының білім беру саласына айрықша мән беріп, инклюзивті білім беруді жетілдіру, ұстаздардың жұмысын жеңілдету жайлы айтқандары көптің көңілінен шықты.

АҒАЛҚА ӘБУБӘКІРОВА:

Инклюзивті білім беруге өте маңызды рөл беріліп отыр. Пән мұғалімдеріне де, мамандарға да бұл үлкен мүмкіндік. Әрі қарай балаларымыздың бейімделіп кетуіне инклюзивті қалыптастырудағы әрбір маманның көмекшісі деп білем осы кабинеттердің ашылғандығын.

АҚБОТА АЙТЖАНҚЫЗЫ:

Өзіме ұнаған тұсы — білім мен ғылымға арналған тұсы болды. Білім мен ғылымды дамыту барысында бірнеше мәселені көтеру керек деген сияқты және оларды шешу барысында жасанды интеллектіні тиімді пайдалану керек деген тұстары.

ДІНИСЛАМ ҚЫДЫРБАЙ:

Президентіміздің осы жасанды интеллектіге байланысты айтқан сөздері өте маңызды деп ойлаймын. Менің ойымша, жасанды интеллект тек осындай ғана видеолар емес, жалпы білім саласына, басқа да адамның өмірінде пайдалануына өте қатты мән беру керек деп ойлаймын.

ТОҒЖАН ТІЛЕУБАЕВА:

Ұстаздардың негізгі миссиясы – саналы ұрпақты тәрбиелеу және ұрпаққа сапалы білім беру. Осы орайда мұғалімді басқа қағазбасты жұмыстармен әуре-сарсаңға түсірмей, ол азайған соң мұғалімнің бос уақытының көбісі сапалы білім беруге ауысады деп ойлаймыз. Бұл бізге өте үлкен жеңілдік.

← Барлық жаңалықтар