Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Алаяқтар несие жабамыз деп алдауға көшті

«Бес миллион теңгеге дейінгі несиені кешіреміз!» Алаяқтар қазақстандықтарды жаңа әдіспен арбай бастады.

Қазір TikTok-та қарыз бен айыппұлды жоятыны туралы жалған роликтер қаптап кетті. Сенімге кіру үшін қаскөйлер мемлекеттік рәміздерді де ашық қолданған.

Алайда Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы елде мұндай ешқандай бағдарламаның жоқ екенін ескертеді. Алаяқтардың мақсаты — күмәнді сілтеме арқылы жеке мәліметтеріңіз бен Telegram аккаунтыңызды қолды қылу.

Ал несие мен айыппұлға қатысты кез келген мәліметті тек ресми дереккөздерден ғана тексеру қажет.

Ақбаян Сұлтанмұрат

← Барлық жаңалықтар