Мазмұнға өту
· 21 қаралым

Атырауда ерекше жәрмеңке өтті

Сапа мен сұраныс: Атырауда кәсіпкерлердің басын қосқан ерекше жәрмеңке өтті.

Мұнда отандық брендті дамытып жүрген жандар өз өнімдерін көпшілікке ұсынды. Олардың арасында күнделікті тұрмысқа қажетті заттар бар. Бұдан бөлек, ақылды құрылғылар сөрелерден орын тапты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрменің негізгі мақсаты — жергілікті тауарларға деген сұранысты арттырып, кәсіп иелерінің нарықтағы мүмкіндіктерін кеңейту. Сондай-ақ қазақстандық өнімді шетелге шығару.

Нұрлан Тұрланов, өндіріс басшысы: «Бүгінгі шара — осындай өнеркәсіп орындары мен Атырауда жасалған тауарларды қарапайым халыққа көрсету. Яғни Атырауда қандай өнеркәсіп орындары бар, Атыраудан не шығады деген үлкен сұраққа жауап деп ойлаймын. Халық келіп, біздің өндірісімізбен мықтап танысуда».

Жәрмеңке аясында үздік өнімдерді халық өзі таңдады. Яғни көңілдерінен шыққан тауарға дауыс беріп, пікірлерін де жеткізді.

Алтынай Ерубаева, Атырау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлім басшысының орынбасары: «Бұған алты түрлі өнім қатысады: шұжық, бәліш, нан және қияр өнімдері. Бір өнімге бес кәсіпкер қатысады. Халық өзі дәмін татады және бағасын береді. Соған сай біз номинациялар береміз».

← Барлық жаңалықтар