Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Көрші елдерге алақан жаймаймыз!

Қазақстан атом энергетикасын дамытуға тағы бір қадам жақындады. 2027 жылдың соңына дейін екінші АЭС құрылысы бойынша үкіметаралық келісімге қол қойылмақ. Сонымен қатар стратегиялық нысанның қажеттілігіне арналған уранның мемлекеттік қоры жасақталады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді. Қазір Балқаш жағасында бой көтеретін алғашқы станциядан бөлек, Мойынқұмда салу мәселесі пысықталып жатыр. Жаңа қуат көздері көрші елдерге қол жаймай, электр энергиясына деген өзіміздегі сұранысты өтеуге жол ашпақ.

СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

Жаңа электр станцияларын салу және қолданыстағы станцияларды жаңғырту, оның ішінде «таза» көмірлік генерацияны және электр беру желілерін дамыту жалғасады. Сала үшін стратегиялық бағдар ретінде елдің 2035 жылға дейінгі бірыңғай ұзақ мерзімді энергетикалық теңгерімі өзектендіріледі. Атом саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

← Барлық жаңалықтар