Мазмұнға өту
· 9 қаралым

«Ұмай» ипотекасына өтінім қабылдау басталды

Баспаналы болғысы келіп жүрген нәзік жандарға құлаққағыс! Әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекасының екінші кезеңіне өтінім қабылдау басталды. Бұл жолы Азия даму банкі Отбасы банкіне 20 миллиард теңге аударған. Шарт бойынша 50 миллион теңгеге дейін несие беріледі. Ал жылдық мөлшерлеме – 14,8 пайыз. Бастапқы жарна Астана мен Алматыда 20 пайыз, ал өзге өңірлерде 15 процент. Сондай-ақ қатысушының соңғы алты айдағы ресми табысы расталуы қажет. Отбасының орташа айлық таза жалақысы 1 миллион 250 мыңнан аспауы керек. Өтінімді онлайн немесе бөлімшеге барып беруге болады.

← Барлық жаңалықтар