Мазмұнға өту
· 31 қаралым

Network School Қазақстанда іске қосылды

Технология тізгінін ұстайтын жаңа буын қалыптастыру үшін білім мен ғылымға салынған инвестицияның маңызы зор. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Network School жобасының негізін қалаушы Баладжи Шринивасанмен кездесіп, Қазақстандағы технологиялық экожүйені дамыту жайын талқылады. Мемлекет басшысы Астанада осы жобаның іске қосылуын құптап, отандық университеттермен, стартаптармен және кәсіпорындармен байланысын кеңейтуіне қолдау білдірді. Бастама цифрлық шешімдерді дамытуға, адам капиталын нығайтуға және инновацияға жол ашуға бағытталған. Кездесуде «Халықтық құрылыс» бастамасының келешек ұрпаққа қалдырар мұрасы да сөз болды. Жоба аясында мектептер, жоғары оқу орындары мен медицина мекемелері салынбақ. Президент Astana AI Film фестиваліне қолдау көрсеткені үшін Баладжи Шринивасанға алғыс айтып, оны жасанды интеллект пен инновацияны дамытуға қосқан үлесі үшін II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

← Барлық жаңалықтар