Мазмұнға өту
· 48 қаралым

Жер қойнауын зерттеуде озық технологияның орны ерекше

1Жер астындағы байлықты игеруде жаңа технологиялардың пайдасы зор. Қазір ғалымдар жаңа кен орындарын іздеу үшін ең соңғы үлгідегі құрылғыларды қолдана бастады. Бұл іске Алматыдағы Сәтбаев университетінің мамандары да білек сыбана кірісті. Олар сирек кездесетін металдарды өндірудің соны тәсілдерін енгізбекші. Бүгінде заманауи қондырғылар мен ақылды роботтардың көмегімен жер қойнауын бұрынғыдан да тереңірек зерттеуге жол ашылды. Ғалымдардың айтуынша, Президенттің Жолдаудағы тау-кен саласын дамыту туралы тапсырмасы жұмысты ширатып, өнім көлемін еселеп арттыруға үлкен серпін бермек.

РАИСА ЖАНАҚОВА, ТАУ-КЕН ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тау-кен саласынан байыту саласына дейінгі қазіргі заманауи, айтып отырмыз, жасанды интеллектіні пайдаланып жатырмыз. Жасанды дрондар, датчиктер, сонымен қатар қазіргі таңда жаңадан жасалған бағдарламалар сол арқылы. Соның арқасында ала алмай жатқан пайдалы қазбаларды алуға мүмкіндік бар.

← Барлық жаңалықтар