Әйгілі «Китана» ханшайым Ұлттық ұлан сапына қабылданды. Бірақ әңгіме Mortal Kombat ойынындағы кейіпкер туралы емес. Осындай лақап атымен танымал Қымбат есімді қаракөз. Ішкі әскердің «Бүркіт» арнайы жасағында бұл тарихи жағдай. Алғаш рет әйел адам әскер қатарында қызмет етпек. Оның ең беделді арнайы жасақтың жауынгері атануы бекер емес. Спорттағы жетістіктері жетіп-артылады. Қоян-қолтық ұрыстан алты дүркін Қазақстан чемпионы, әлем чемпионатының күміс және екі қола жүлдегері, әлем кубогы, Еуропа және Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері. Сондай-ақ Дубайда өткен халықаралық жарыста да «Томирис» қыздар командасының құрамында өнер көрсетіп, мергендігімен көзге түскен. Оның ендігі мақсаты – жауынгерлік дайындығын шыңдап, күрең берет сынағынан сүрінбей өту.
ҚЫМБАТ:
Бұл жерде қыз, еркек деп жұмыс бөлінбейді. Міндет бір. Қандай да тапсырма болса, орындауға барымызды саламыз.