Ақтөбеде ерекше балаларға арнап орталық ашылды. Жуырда Мемлекет басшысы елімізде инклюзивті білім беруді қажет ететін 237 мыңнан астам ұл мен қыз бар екенін айтып, оларға бейімделген инфрақұрылымды дамытуды тапсырған еді. Темір ауданында ашылған арнайы нысанның мүмкіндігі мол. Біріншіден, бұл орталыққа айналадағы алты ауданның ерекше қажеттілігі бар балалары да келіп, ем алады. Әрі бір мезетте 50 адамға қызмет көрсететін қауқары бар. Орталықта дене шынықтыру, еңбек және арт-терапия бөлімі жұмыс істейді. Дәрігерлер тірек-қимыл жүйесінде кінәраты бар, аутизм белгілері бар балалардың әрқайсысына жеке емдеу бағдарламасын әзірлейді.
РАЯ ӨМІРОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Орталықтағы мамандар өте кішіпейіл, мейірімді жандар. Біздер бұрын балаларымызды бөтен қалаларға ақылы емге апаратынбыз. Енді қазір мына жер біздерге тегін, өте керемет. Балаларымыздан жақсы нәтиже көріп жатырмыз.