Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Ташкентте уланған қазақ балалары шикі жұмыртқа жеген бе?

Ташкентте уланған 20 қазақ баласына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Өзбекстан Бас прокуратурасының мәліметінше, олар қонақ үйде таңғы асқа шала піскен жұмыртқа мен шұжық жеген. Салдарынан 13 жасөспірімнің жүрегі айнып, құсып, іші өтіп, дене қызуы көтерілген. Осы оқиғадан кейін Ташкенттің Шыланзар аудандық прокуратурасы санитариялық талаптарды бұзу бабымен іс қозғапты. Қазір тергеу жүріп жатыр. Еске салайық, қарағандылық жас спортшылар футбол турниріне қатысу үшін көрші елге барып, жаппай уланып, ауруханаға түскен еді.

← Барлық жаңалықтар