Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Жамбылда шенеуніктер жазаланды

Жамбылдық шенеуніктер жаппай жаза арқалады. Өйткені бір айдың ішінде бір оқушы қатарласының қолынан қаза тапса, енді бірі ес-түссіз күйде жансақтау бөлімінде өмір мен өлім арасында арпалысып жатыр. Жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік күрт көбейген соң, облыс әкімі Ербол Қарашөкеев төрт ауданның әкіміне қатаң сөгіс жариялады. Ал орынбасарларына тиісті шара қолдануды тапсырды. Бұдан бөлек, облыс әкімінің орынбасары мен білім басқармасының басшысы да жауапқа тартылды. Енді қызметіне салғырт қараған төрт аудандық полиция бөлімінің басшыларына қатысты қызметтік тексеріс жүргізілмек.

ЕРБОЛ ҚАРАШӨКЕЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Байзақ, Талас, Қордай және Жамбыл аудандық полиция бөлімдерінің бастықтарына қатысты олардың қатаң тәртіптік жауапкершілік мәселесін қарау ұсынылады. Бүгін анықталған кемшіліктер лауазымды тұлғалардың өз міндеттерін дұрыс орындамағанының тікелей салдары.

← Барлық жаңалықтар