Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Алматыда полицейге шабуыл жасады

Алматыда полиция қызметкерінің жағасынан алып, шабуыл жасаған азамат ұсталды. «Өтеген» тұрғын үй кешенінде жалдамалы пәтерде тұратын адамдар өзара жанжалдасып, көршілерінің әбден мазасын алған. Қатты дауыс пен төбелестен шошығандар бірден тәртіп сақшыларын шақырыпты. Бірақ ішімдікке сылқия тойып алғандар патрульдік полицейге бағынбай қарсылық көрсеткен.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Оқиғаға қатысушылардың бірі полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындаудан бас тартып, оларға күш көрсете отырып, қарсылық танытқан. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

← Барлық жаңалықтар