Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Қорғаныс министрлігі тексеріліп жатыр

Каспийдегі трагедияға байланысты Қорғаныс министрлігінде басталған кешенді тексерістің аралық қорытындысы шықты. Мемлекет басшысының пәрменімен құрылған арнайы комиссия осы уақыттың ішінде ведомствоға қарасты 104 нысанды бастан-аяқ шолып шыққан. Ал бөліністердің бюджет қаражатын тиімді пайдалану бойынша басталған аудит әлі де жалғасып жатыр. Комиссия мүшелері қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әскери қызмет жағдайы, азық-түлік, киім-кешек, медициналық көмек көрсетудің сапасына және мемлекеттік мүліктің сақталуына баса мән береді. Анықталған заң бұзушылықтарға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір құзырлы органдардың қарауында 37 маңызды іс жатыр. Комиссия ұсынымдары Әскери реформа жоспары бойынша дайындалған. Жалпы Маңғыстаудағы қайғылы оқиға бойынша 300 адамнан жауап алынып, 30-дан астам сот сараптамасы жүргізілді. Ауқымды тексерістің түпкілікті қорытындысы осы айдың соңына қарай шығады.

← Барлық жаңалықтар