Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Суретіне қарап қоймай, ұстап көруге болады

Ауылдың ертеңі – жерді игеріп, шаруашылықтың жайын білетін жас мамандардың қолында. Бірақ аграрлық салада кадр тапшылығы өте өзекті. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Солтүстік Қазақстан облысында болашақ агрономдар мен технологтарды мектеп қабырғасынан бастап даярлап жатыр. Жеті ауданда агросынып ашылып, оқушылар егіншілік пен мал шаруашылығының қыр-сырын меңгеруге кіріскен. Осылайша, шаруашылықтың заманауи технологияларын тәжірибе жүзінде үйренеді.

РОМАН БОЙКО, ОҚУШЫ:

Мен болашағымды агросаладағы азық-түлік өндірісімен байланыстырғым келеді. Ауылдан жастардың қалаға кетіп жатқаны белгілі. Егер бәрі көшіп кетсе, ауылдағы кәсіпорындарда жұмыс күші жетіспейді. Сондықтан білім алып, өз ауылыма оралып, еңбек еткім келеді.

Ал кейбір оқушылар теориямен шектелмей, шаруаларға нақты пайдасы тиетін жобаларға кіріскен. Мәселен, математика пәнінің мұғалімі мен он бірінші сынып оқушысы тыңайтқыш мөлшерін есептеп, шығын мен ықтимал пайданы анықтайтын әдіс ойлап шығарды.

ИННА ХАДИСОВА, МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

Біздің жобамыз Python бағдарламалау тілі мен Telegram-бот негізінде жасалған. Ол топыраққа қанша тыңайтқыш енгізу керектігін есептейді. Осылайша жерге артық тыңайтқыш бермей, қажетті мөлшерін анықтауға болады. Сонымен бірге шығын мен күтілетін пайданы да есептейді.

Жас мамандардың әлеуетін жақсы білетін сала өкілдері бұл бастаманы бірден қолдаған көрінеді. Өйткені агросыныптар арқылы ауылдың дамуына жол ашылып, қажетті мамандарды ерте бастан даярлауға мүмкіндік туады.

← Барлық жаңалықтар