23 жылдық табысты мансапқа нүкте қойылды.
Португалия аңызы Криштиану Роналду құрамадан кететінін мәлімдеді. Талай рекордтың қаймағын бұзған спортшы әлеуметтік желіде жан тебірентерлік жазба қалдырып, жанкүйерлерімен қоштасты.
Негізі, 41 жастағы капитанның «бутсысын шегеге ілетіні» туралы әңгіме бұған дейін де желдей ескен. Мәселен, ол өткен айда бас бапкер Жорже Жезушпен шекісіп, Ұлттар лигасы аясындағы ойындардан шеттетілгені бар. Кейіннен сабырға келген футболшы маманнан кешірім сұрады.
Бірақ жанжалға Португалия футбол федерациясы да араласты. Ұйым даңқты спортшыны 30 күнге жаттығудан алыстатып, тәртіптік жазаға тартқан еді. Алайда барлығын асықпай ой елегінен өткізген Криштиану маңызды байламға келіпті.
Мадейра аралының тумасына Әлем кубогы бағынбай-ақ кетті. Ол құрамамен 2016 жылы Еуропа біріншілігін және Ұлттар лигасын жеңген. Ал Португалия жейдесіндегі беташар матчын 2003 жылы Қазақстанға қарсы өткізді.
Қайыркен Отыншы