Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Чемпиондар елге келді

Садақ атудан жаһанды мойындатқан отандастарымыз елге оралды! Оңтүстік Кореяның Ульсан қаласында өткен әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар 38 мемлекеттен келген 700-ге жуық мергенді шаң қаптырды. Ел қоржынына 4 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль салып, тарихи жетістікке қол жеткізді. Сондай-ақ екінің біріне бұйыра бермейтін кубокты да арқалап келді. Қазақстан ұлттық құрамасының әлем чемпионы екенін айғақтайтын кубогы. Тарихтағы тұңғыш кубок Қазақстанда!

ҚАНАТ ҚАСЫМХАН, ДӘСТҮРЛІ САДАҚ АТУДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ:

Бұл жалғыз менің ғана жетістігім емес, командамыздағы бес адамның үлесі. Әрқайсысы өз үлесін қосып, осындай алтынға жетіп отырмыз. 30 метр, 70 метр және 90 метр нысанасына.

ДИАС АХМЕТОВ, ҚР ДӘСТҮРЛІ САДАҚ АТУДАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ:

Ұлттық құраманың мергендері өздерінің мықты екенін дәлелдеді. Әр сайыста командалық нәтижеде бірінші орында болды. Енді бәрібір де алға әлі де белестер бар. Өйткені жекелей спортшылар 1 алтын, 1 күміс, 2 қоланы иеленді. Бұл әлі де алда тағы 3-4 алтын бар. Біз де спортшы болғаннан кейін барлық алтынды алғымыз келеді. Келесі ӘЧ деген бүгіннен бастап қайтып дайындалу керек екенінің көрсеткіші.

Ұлттық құрама сапындағы саңлақтар қай жағынан да жоғары нәтиже көрсетіп, қарсыластарына дес бермеді. Тіпті кейбір спортшылар қос-қостан жүлде еншілеп, команданың жеңісіне сүбелі үлес қосты. Айта кетейік, бұл отандастарымыздың әлемдік деңгейдегі алғашқы жетістігі емес, бұған дейін де халықаралық біріншіліктерде талай мәрте тұғыр биігінен көрініп келеді.

НАРТАЙ СӘРСЕНҒАЛИЕВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӘСТҮРЛІ САДАҚ АТУ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Үлкен жетістігіміз, біз ерекше қуаныштымыз. Жалпы 9 команда ретінде бес-бестен бөліп, 45 спортшымызды жолдадық. Бас жаттықтырушымыз бар ұлдар арасында, қыздар арасында бас жаттықтырушымыз бар. Сондықтан бұл жарысқа біз өте қатты дайындалдық. Өздеріңіз білесіздер, мамыр айында Стамбулда бас жүлде алған едік. Сондықтан биылғы жыл біз үшін таңдай қағарлық үлкен жетістіктерге толы жыл.

← Барлық жаңалықтар