Бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпиондары жұдырықтасты.
Таразда өткен дүбірлі дода финалында Санжарәлі Бегалиев пен Өнер Сейілхан Қазақстан чемпионы атағы үшін таласып, тартысты жекпе-жек өткізді.
Алғашқы раундта Өнер Сейілхан басымдық танытқанымен, кейінгі екі кезеңде Санжарәлі қарқынын үдетіп, таразы басын өзіне аударды. Нәтижесінде төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Бегалиевке беріп, ол ел чемпионы атанды.
Былғары қолғап шеберлері 2024 жылы әлем біріншілігінде өз салмақ дәрежелерінде алтын алқа таққан еді.
Қуат Құдайберген