Қазақ жазушысының кітабы ағылшын тілінде шықты.
Драматург Роза Мұқанованың әйгілі «Мәңгілік бала бейне» шығармасы жаңа форматта жарық көрді. Ол — спектакль-кітап. Қазақ әдебиетінде бұрын-соңды мұндай туынды болмаған.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі басылым көркем иллюстрациялармен толықтырылған. Суретші Алмас Сырғабаев кейіпкерлердің бейнесін графикамен сомдап, шығарманың мазмұнын жеткізген.
«Мәңгілік бала бейне» Семей полигонының зардабын тартқан қазақ қызының тағдырын баяндайды. Адамзатқа ортақ қасірет, өмірге құштарлық пен ұрпақ алдындағы жауапкершілік — туындының негізгі өзегі.
Қырмызы Жандос