Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 18 қаралым

Алматыда сақ дәуіріне тән жәдігер табылды

Алматыда сақ дәуіріне жататын жәдігер табылды.

Қарағайлы қорымында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген археологтар алтын бұйым мен көптеген адам сүйектерін көрген. Мамандардың зерттеу нәтижелеріне қарағанда, ескерткіш сақ дәуіріне жатады екен. Қорған ежелгі заманда-ақ тоналған.

Мамандар адам сүйектерінен бөлек, қыш ыдыстардың сынықтарын тапқан. Жәдігерлердің ішінде ерекше құндысы — аю бейнесінде құйылған шағын алтын мүсін. Ғалымдардың болжамынша, бұл бас киімді әшекейлеуге арналған. Ал жеті адамның бір қорымға жерленуі әзірге жұмбақ күйінде қалып отыр.

Ләззат Сағындықова, Қалалық музейлер бірлестігінің директоры: «Қазақстан археологиясы үшін ерекше жәдігер — аң стиліне жататын сақ дәуірінің аю бейнесіндегі мүсінді тауып отырмыз. Ол алтыннан құйылып жасалған. Жалпы аң стилі — сақ мәдениетіне тән дүние. Бірақ Қазақстан археологиясында мұндай бұрын кездеспеген».

Ұлан Тәліпбай

← Барлық жаңалықтар