Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 8 қаралым

Қысқы дөңгелексіз жолға шыққандар кері қайтарылды

Ақмола облысында жазғы дөңгелекпен жолға шыққан 750-ден астам көліктің қозғалысына тосқауыл қойылды. Күннің күрт суытуы мен көктайғақ жол-көлік оқиғаларының қаупін арттырған. Тәртіп сақшыларының қысқы шинаға ауысу туралы ескертуін ескермеген жүргізушілерді полиция кейін шегіндіруге мәжбүр болды. Қазіргі уақытта «Астана – Щучинск», «Астана – Шідерті» және «Көкшетау – Атбасар» тасжолдарында шектеулер енгізілді. Сондай-ақ қауіпті учаскелерде жылдамдық режимі төмендетілді. Облыстық полиция департаменті жүргізушілерді сақ болуға, көліктердің арақашықтығын сақтап, жылдамдықты асырмауға шақырады.

← Барлық жаңалықтар